jasqazaq.kz

Алматы облысында ағайынды барымташылар қолға түсті

16 қараша 2019, 20:27

Алматы облысында полицейлер ағайынды барымташыларды қолға түсірді. Екі азамат шаруаның 19 бас жылқысын айдап әкетті деген күдікпен ұсталды.Бұл туралы  ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Оқиға 15 қараша күні Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген. «Бір үйір жылқымды белгісіз біреулер Қырбалтабай ауылы маңында айдап кетті» деп шаруа шағым түсірген. Малын ұрлатып алған азамат полицейлермен бірге жылқысын іздеуге кіріседі. 14 жылқыны Талғар ауданының аумағынан тауып алып, күдікті ретінде осы ауданның екі тұрғыны ұсталады. 1976 және 1979 жылы туған азаматтар — ағалы-інілі бауырлар. Алматы облыстық полиция департаменті хабарлағандай, екі күдікті де Еңбекшіқазақ ауданының полициясына жеткізіліп, қамауға алынды.

Тергеу барысында бес жылқының сойылып, етке сатылып кеткені анықталды. Шаруа өз шығынын 7 млн теңгеге бағалап отыр. Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Алматы облысында соңғы үш күн бойы мал ұрлығына қарсы «Барымташы» арнайы операциясы жүргізіліп, тәртіп сақшылары 52 барымташыны қолға түсірді. Бұрын ұрланған 113 мал иелеріне қайтарылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда