jasqazaq.kz

Алматы облысында АЭС салына ма?

20 маусым 2019, 16:59

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда Атом электр стансасын салу жоспарда жоқ екенін мәлім етті.

Қанат Бозымбаевтың ел алдындағы есебі барысында Талдықорған қаласының тұрғыны Алматы облысының Үлкен кентінде АЭС салынатындығына қатысты ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады. «Дәл қазір Қазақстанда электрге тапшылық жоқ. 2025-27 жылға дейін профицит болады деген болжам бар. Одан кейінгі кезеңде орталық және оңтүстік өңірлерде қажеттілік туындауы мүмкін. Үлкен кенті де сол аумаққа кіреді. Бірақ бұл аталмыш елді мекенде АЭС салынады деген сөз емес», — деді энергетика министрі.

Ведомство басшысы қазіргі таңда атом электр стансасын пайдалану технологиясы жан-жақты зерттеліп жатқанын атап өтті. «Бұл мәселе толық зерттелмейінше, нақты шешім қабылданбайды. Сондықтан, қорқудың қажеті жоқ Бұл әзірге қауесет қана. Егер осыған ұқсас ақпараттарды шетелдік ұйымдар мен компаниялар таратса, солардың ниеті ғана деп қабылдау керек. Немесе бұл саяси ойын ғана. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл туралы нақты ұстанымын айтып, халықтың қалауын ескере отырып шешім қабылданатынын ескертті. Халық қарсы болса, ешкім, ештеңе салмайды. Алаңдамай-ақ қойыңыздар», — деді Қанат Бозымбаев.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді