jasqazaq.kz

Алматы облысында 9 жастағы баланы ит талап тастады

28 сәуiр 2022, 12:43

Алматы облысында 9 жастағы баланы ит талап тастады. Бала ауруханада жатыр, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқиға 22 сәуір күні кешкі сағат 19:00 шамасында болды. Нақты мекенжайы Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгір ауылы, Атажұрт көшесі 29 үй. Аталған тұрғын үйдің ауласы қоршалмаған. Бос жүрген ит 9 жастағы Шәріпжан Халифаны талап тастаған.

Жедел жәрдем баланың жарақатын таңып, балалар ауруханасына жеткізді. Қазіргі уақытта онымен бірге анасы Мақпал Алманова ауруханада жатыр. Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты екенін айтты. Бала ақылы бөлімде ем алып жатыр. Ақсеңгір ауылының тұрғындары, еріктілері көпбалалы отбасына көмек қолын созып, ұйымшылдық танытуда. Ауыл әкімі Ержан Қасымшалов көпбалалы отбасына қаржылай көмектесетін болды.

Баланы қауып алған ит 23 сәуірде ұсталып, Ұзынағаш ауылының ветеринарлық станциясына қамалды»,- деді Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақтияр Айталы.

Ведомство өкілінің айтуынша, биыл ауыл тұрғындарының өтініші бойынша арнайы қызметкер иттерді аулау жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Жамбыл ауданында 469 ит, оқиға болған Ақсеңгір ауылында 30 бұралқы ит ауланған.

Айта кетейік, кеше Батыс Қазақстан облысында бұралқы иттер бір ауладан 60 қойды қырып кеткенін хабарлаған едік.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр