jasqazaq.kz

Алматы облысында 9-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады (видео)

01 мамыр 2019, 12:25

Қайғылы оқиға түнде Алматы облысы Қызыл-қайрат ауылында болған. Марқұм өз үйінің алдындағы электр сымына асылып қалған көрінеді.

Отбасындағы жалғыз баланы мұндай қадамға не итермелегені әзірге белгісіз, — деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ол №19 мектеп-гимназиясында білім алған. Болған жайтты естіген ұстаздары да төбелерінен жай түскендей болып отыр. Олар баланың мектепте өте белсенді әрі алғыр болғанын айтады. «Мұндайға барады деген ой үш ұйықтасақ түсімізге кірмепті. Өйткені ол үлгілі оқушылардың бірі болатын. Мінезі жұмсақ, ақкөңіл, жауапкершілігі өте жоғары, басқалармен тіл табысу жағынан да өте жақсы еді. Оқушылармен ешқашан ренжіскен де емес», – дейді сынып жетекшісі Айдар Мамышев. Ұстаздар мектепте әлімжеттік жоқ, сондықтан жеткіншектің теперіш көруі екіталай деп өздеріне шаң жуытпай отыр. Дегенмен марқұмның өлерінің алдында әке-шешесіне хат қалдырғаны белгілі болды. Қазір мән-жайды құзырлы орган қызметкерлері анықтап жатыр. «Оқиға сәуірдің 30-на қараған түні болған. Жасөспірімнің өз-өзіне қол салу дерегі ресми тіркелді. Қайтыс болған баланың жақындарына жазып қалдырған хаты да бар. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, ювеналды полиция өз тарапынан осы дерек бойынша тиісті тексеру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр, — дейді Алматы облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда