jasqazaq.kz

Алматы облысында 9 адам қар құрсауынан құтқарылды

21 қараша 2020, 14:51

Алматы облысының ТЖ мамандары 9 адамды қар құрсауынан құтқарды.

20 қарашада Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» тасжолында құтқару жұмыстарын жүргізді. Достық бекетіндегі №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Ырғайты» мен «Жалаңашкөл» учаскелері арасында үш адамды қар құрсауынан құтқарды. Сол күні кешке қарай 112 телефонына «Ырғайты» учаскесінің маңында адамдарды эвакуациялау қажеттігі туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Ақши ауылынан Алакөл өңірінің құтқарушылары барды. Олар 6 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды. Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмады. Естеріңізге сала кетейік, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Казахавтодор» ЖШС Алматы облыстық филиалының ақпараты бойынша 20 қарашада сағат 16.30-дан бастап қарлы боран салдарынан республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» жолында (84 шақырымнан 184 шақырымға дейін) көлік қозғалысы барлық транспорт түрлеріне жабылған болатын. Осы ақпаратты, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға SMS, Darmen ұялы қосымшасы, ведомстволық сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы ескерткен еді. Құтқарылған жолаушылар жолға, оның жабылғанына дейін шыққан екен. Қыста жолдарда төтенше жағдайларды болдырмау үшін Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының өзгеруін, метеорологиялық есептерді қадағалауға, 112 қызметінің SMS хабарламаларын назардан тыс қалдырмауға және егер ауа райы нашарлап, жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілсе, жолға шықпау керегін ескертеді.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия