jasqazaq.kz

Алматы облысында 3 жылыжай өртеніп кетті

23 наурыз 2019, 20:26

Алматы облысында үш жылыжай өртеніп кетті. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бүгін сағат 15-14-те өртке қарсы қызметтіңпультіне Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйтерек ауылдық округінде құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. «Желдің күшеюі салдарынан өрт көкөніс өсіретін жылыжайды шарпыған. Өрттен үш жылыжайдың да жанатын құрылымы жанып кетіп, тағы үш жылыжайдың құрылымы жартылай бүлінді. Өрт шарпыған аумақ 1920 шаршы метрді құрады. Сонымен қатар 6 гектар жердің шөп жанды», — деді ресми өкіл. Н.Нұрахметтің дерегінше, өртті сөндіруге Алматы облыстық ТЖД жеке құрамының 7 маманы 1 техникасы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде