jasqazaq.kz

Алматы облысында 21 және 23 жастағы полицейлер жантүршігерлік апаттан мерт болды

19 тамыз 2021, 13:47

Алматы облысында жол апатынан екі бірдей полицей қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға 17 тамызда сағат 22:00 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолында болған.

Анықталғандай «Тойота камри» көлігінде Алматы облысы Іле аудандық полиция бөлімінің екі инспекторы болған. Олар 21 жастағы Мұхтар Нұртілеу және 23 жастағы Санжар Омарбек.

Екеуі де оқиға орнында тілге келместен көз жұмды.

Үшінші полицей, 21 жастағы Мақсат Рамазан түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы оқиғаның болғанын растады. Сонымен қатар, марқұмдардың жақындарына көңіл айтты.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, «Тойота камри» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының бойымен солтүстік бағытта 46 км жүріп өтіп, алдыңғы сол жақ доңғалаңы тесіліп, соның салдарынан автокөлік 90 градусқа бұрылған.

Осы сәтте оның артынан келе жатқан «Хюндай акцент» маркалы автокөлік жоғарыда аталған автокөлікпен соқтығысқан. Жол апатының салдарынан оқиға орнында «Тойота камри» көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы көз жұмды»,- делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, «Өтеген батыр» кентіндегі орталық ауруханаға түрлі жарақаттармен осы көліктің тағы бір жолаушысы жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия