jasqazaq.kz

Алматы облысында 20 әкім бюджет қаражатын қолды еткені үшін жауапкершілікке тартылды

11 қазан 2021, 17:39

Алматы облысында мемлекеттің ақшасын қолды қылған 20 әкім (облыстық – 6, қалалық – 4, аудандық – 9, ауылдық –1) жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажанов өзінің Facebook желісіндегі парақшасында мәлім етті.

«Облыс бойынша департаменттің биылғы 9 айда атқарған жұмысының нәтижесі бойынша 87 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 72,4%-дан астамы немесе 63 қылмыс сыбайлас жемқорлық фактісіне жатқызылды. 70 адам сотталды, оның ішінде 65 адам 119 млн теңгеден астам сомаға айыппұлға, 2 адам бас бостандығын шектеуге, 3 адам бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра айырылды. Қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 3,8 млрд теңгені (3 850 843 791 теңге), оның 97,2%-ы немесе 3,7 млрд теңгесі (3 742 332 191 теңге) өтелді», ˗ дейді департамент басшысы.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия