jasqazaq.kz

Алматы облысында 19 оқушыдан «COVID-19» анықталды

16 тамыз 2021, 11:43

Алматы облысында соңғы тәулікте 370 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 19 оқушы бар, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, өңірде вирустың тарау қарқыны – 1,0%, оның ішінде 326 симптомдық, 44 симптомсыз жағдай. КВИ анықталған 370 жағдайдың 36-сы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген, ал оқушылар арасында 19 жағдай анықталды. Облыс аудандары арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші: Балқаш–8, Еңбекшіқазақ-15, Ескелді–15, Жамбыл–23, Іле-12, Қарасай-22, Қаратал-9, Кербұлақ-7, Кеген-9, Көксу-9, Панфилов–17, Сарқан-7, Талғар–36, Ұйғыр–10, Талдықорған–155, Текелі-16. Сондай – ақ, бүгінгі күнге дейін 29 555 пациент ауруханадан жазылып шықты. Соңғы тәулікте стационардан 50 пациент және үй оқшаулауынан 215 адам шығарылды. Барлығы инфекциялық ауруханада — 617 адам жатыр, аурухана толымдылығы — 44,1%. Айта кетейік, 618 034 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 482 437 тұрғын екінші рет вакцина алып үлгерген. Негізінен, жыл басынан бері Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 679 255 дозасы келіп түскен болатын.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия