jasqazaq.kz

Алматы облысында 17 жастағы қыз құрдасын пышақтады

21 маусым 2021, 21:30

.

Алматы облысында 17 жастағы қыз замандасын пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусым күні Қаратал аудандық полиция басқармасына Орталық аудандық ауруханадан хабарлама түскен — Бастөбе ауылының 17 жастағы тұрғыны пышақ жарақатын алған. Тергеу барысында анықталғандай, зардап шеккен қыз 17 жастағы күдіктімен мектептен таныс және араларында жағымсыз қарым-қатынас болған. Оқиғадан бір күн бұрын олардың арасында көшеде кикілжің туындаған. Мәселені соңына жеткізу үшін жәбірленуші танысын түнде кездесуге шақырып, ұра бастаған. Соққының астында қалған екінші қыз қашып құтылып, өз үйінің ауласында жасырынған. «Ол жерден жиналмалы пышақ тауып алып, артынан келген замандасының ішінен ұрған. Қылмыс құралы айғақзат ретінде тәркіленіп, іске дәлел ретінде тіркелді. Күдікті ата-анасының қолына тапсырылды. Қазір денсаулыққа қасақана зиян келтіру яғни, ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу жүріп жатыр»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі жариялаған хабарламада. Сондай-ақ ПД ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Панфилов ауданында 19 жастағы тұрғынның төсегінен, яғни матрац астынан пышақ пен тапанша табылды. Айғақзатты полицейлер «Қару» алдын-алу профилактикалық шарасы барысында іздеп тапқан.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия