jasqazaq.kz

Алматы облысында 120-дан аса мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

13 шiлде 2022, 17:17

Алматы облысындағы білім мекемелерінде 120-дан аса мұғалім жалған дипломмен қызмет атқарған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде 122 мұғалім жоғары оқу орындарының жалған дипломын пайдалану арқылы жұмысқа тұрғаны анықталды. Жалған құжаттар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті атын пайдалану арқылы жасалған», — делінген хабарламада.

Көрiнеу жалған құжатты пайдалану дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«41 маманға қатысты қылмыстық іс кінәларын мойындауына байланысты және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына орай өндірістен тоқтатылды және олар қызметтен босатылды», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Прокуратура өкілдері 81 маманға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр