jasqazaq.kz

Алматы облысында 110 жастағы кейуана сайлауда дауыс берді

10 қантар 2021, 13:38

Алматы облысының Сарқан ауданында ғасыр жасаған қарт ана сайлауда дауыс берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Сарқан ауданында 110 жастағы Алтынхан Белдеубай сайлаудан тысқары қалмай өз даусын берді. Ақ бастасын берген кейуана сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін жеткізді.

«Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей алаңдаумыз керек. Осындай бейбіт күнді халқымыз көп аңсады. Сол ортақ Тәуелсіздікті бағалауымыз керек. Менің жасым жүзден асып кетсе де, ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін. Сайлауға әр азаматтың баруы міндетті. Сайлауда еліміздің болашағы шешілетін күн. Оған бей-жай қарамаған жөн. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әр отбасына береке-бірлік тілеймін». — деді қарт анамыз.

Айта кетейік, бүгінгі сайлауға Сарқан ауданы бойынша 28 мыңнан астам сайлаушы өз дауыстарын бермек.

Жалпы Алматы облысы бойынша дауыс берушілердің саны 1млн 400 мыңнан асады. Олар үшін 1053 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия