jasqazaq.kz

Алматы облысында 11 жасар бала 9-қабаттан құлап қайтыс болды (Видео)

25 мамыр 2021, 10:41

Қайғылы оқиға Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында болған. Оқушы бала «Нұрия» тұрғын үй кешенінің 9 қабатынан құлап кеткен. Марқұм құрылысы толық аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесіне шығып ойнаған деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

11 жасар бала 5-сыныпты бүгін бітіруі тиіс болған. Ол екі қызбен бірге құрылысы аяқталмаған ғимараттың төбесіне шығып ойнапты. Нысан бала тұрған үйге қарсы орналасқан.

«Екі қабырғаның арасында саңылау жұқа қаңылтырмен жабылған. Қабырғалар арасындағы қашықтық шамамен 20-30 см және осы параққа басып, бала үйлер арасындағы саңылауға түсіп кеткен», — деді Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқиға кеше 24 мамыр күні күндіз болған. Куәгерлердің сөзінше бала арматураға қадалып қалған көрінеді. Аудан әкімі Қайдар Абдыханов оқиға орнына барып, тиісті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді тапсырды. Қайғылы жағдай бойынша тексеріс басталды.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде