jasqazaq.kz

Алматы облысында 1,5 млн теңгеге зират қоршаулары ұрланды

02 шiлде 2021, 13:46

Алматы облысында зиратта темір қоршауларды ұрлаған күдікті ұсталды.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұры 1,5 миллион теңгенің темірін қолды қылған. Қазір күдікті ұсталды. Кінәсін толықтай мойындап отыр.

«21 мен 24 маусым күндері Қаратал ауданының полиция басқармасына Бастөбе ауылының үш тұрғынынан арыз түсті. Олар туыстары жерленген моланың қоршаулары жоғалғанына шағымданған. Іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, ұрыны іздеу жұмыстары жүргізілді. Күдікті ұсталып, қамауда отыр», — делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Анықталғандай, зират қоршауларын ұрлады деген күдікке ілінген азамат дүкендерге нан жеткізумен айналысады.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия