jasqazaq.kz

Алматы облысы тұрғынының ауласынан 7 кг марихуана табылды

05 қыркүйек 2018, 11:36

Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, полицейлер заңсыз есірткі айналымына қарсы күресті күшейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірдегі жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде есірткі заттарын өндіру, оны пайдалану мен таратудың алты дерегін әшкерелеп, кінәлі тұлғаларға қатысты істерді өндіріске алған. «Бір күн ішінде ескірткінің заңсыз айналымына қатысы бар алты тұлға анықталды. Оның ішінде, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қарасай ауданының 50 жастағы тұрғынының ауласынан баптап өсірілген 53 түп марихуанна өсімдігі табылып, тәркіленді. Айғақ заттың жалпы салмағы жеті келі болды. Қылмыстық заңнамаға сәйкес күдіктіге қатысты іс қозғалды»,- деп хабарлайды полиция өкілдері. Алматы облысы Ішкі істер департаментінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, жыл басынан полицейлер облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 300-ден астам құқық бұзушылықты анықтап, төрт тоннаға жуық есірткі өнімдерін тәркілеген.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді