jasqazaq.kz

Алматы облысы Талғар ауданының экс-әкіміне үкім шықты

15 желтоқсан 2021, 12:32

Алматы облысы Талғар ауданының бұрынғы әкімі С. Ерекешев пен бөлім басшысына сот үкімі шықты. Бұл туралы  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен Талғар ауданының бұрынғы әкімі Ерекешев сотталып, оған 59,4 млн теңге айыппұл салынды.

Осы үкіммен Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаев 29,7 млн теңге айыппұлға сотталды», — делінген хабарламада.

Мәлім етілгендей, аталған лауазымды тұлғалар ЖШС директорынан сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және ЖШС-ны мемлекеттік қызметтерді жосықсыз жеткізуші деп тану туралы сотқа талап-арыз жібермеу үшін 2 млн теңге сомасында пара алған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде