
Алматы облыстық сотының 8 маманы коронавирус жұқтырды. Қазір олардың барлығы оқшауланды, мекеме карантинге жабылды.
«Облыстық соттың 8 маманы індет жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, дәрігерлердің жіті бақылауына алынды. Мекеме екі апталық карантинге жабық. Сот ғимараты мен оның аумағы қарқынды залалсыздандырылуда», — деді Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы Самат Авганов.
ҚазАқпарат