jasqazaq.kz

Алматы облыстық көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталды

03 наурыз 2022, 10:28

Алматы облыстық көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері жүйелі түрде пара алды деген күдікпен ұсталды.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті және Талдықорған көлік прокуратурасымен бірлесіп Алматы облыстық көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің заңсыз қызметін әшкереледі.

«Бөлім басшысы мен оның қол астындағы екі қызметшісі 2021 жылдың басынан бастап 2022 жылдың ақпан айына дейінгі кезеңде кәсіпкерлерден автомобиль жолдарында кедергісіз жүріп өткені және оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін жүйелі негізде 50 мыңнан 280 мың теңгеге дейін пара алып отырған. Көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкері ұсталып, Талдықорған қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- делінген Алматы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің ресми хабарламасында.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. Күдіктілерге қатысты түпкілікті үкімді олардың кінәлілік дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде