jasqazaq.kz

Алматы метросында тапанша ұстаған жігіттер үш оқушыны соққыға жықты

24 қантар 2022, 14:13

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде үш оқушыға жасалған шабуылға куә болғанын айтты. Оның сөзінше, оқиға қалалық метрополитенде орын алған. Аталған жайтқа қатысты Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Суреттерді krisp_almaty Instagram парақшасының оқырманы бөліскен.

Келіншек 21 қаңтар күні сағат 6 шамасында жұмыстан үйге қайтып бара жатып, “Райымбек батыр” метро бекетінде екі жігіт үш оқушыны ұрып-соғып жатқанын байқаған. “Екі жігіт үш мектеп оқушысын ұра бастады. Олардың бірі тапанша шығарды, ойлаңыздаршы? Қорқыта бастады. Күндізгі уақытта тапаншамен жүр”,- деді келіншек. Аталған жазбаға қатысты Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов жауап берді. “Тексеру Жетісу аудандық ПБ қызметкерлеріне жүктелді. Қазіргі уақытта күдікті тұлғалар анықталып, қолға түсті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRISP ALMATY|КРИСП АЛМАТЫ🇰🇿 (@krisp_almaty)

Іс қалалық полиция департаментінің бақылауында”,- деді ол. Полицей ұсталған азаматтардың кәмелет жасқа толмағанын да атап өтті. Қазір материал өндірісте.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде