jasqazaq.kz

Алматы метросында рельске ер адам құлап кетті (видео)

28 қараша 2019, 18:03

Алматы метросында пойызды күтіп тұрған жолаушы платформадан төменге құлап кетті.

Оқыс оқиға видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеода платформа шетінде пойыды күтіп тұрған жас жігіттің бір уақытта теңселіп, өздігінен төмен, рельс жолына құлады. Мұны көрген куәгерлер жігітті құтқаруға асықты, тағы бірі алыстан пойыздың жүргізушісіне қолын сермеп, тоқтауын сұрап, ескерту жасады.

«Бұл оқыс оқиға 27 қарашада Алматы қаласының метросында Байқоңыр станциясында сағат 19:19 шамасында болған. Жас жігіт кенет өзін жайсыз сезініп, есінен танып, рельс жолына құлаған. Электрмен жүретін пойыз машинисі токты ажыратып, дереу тоқтап үлгерді. Жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол қалалық Жедел жәрдем медициналық көмек көрсету ауруханаға жеткізілді. Зардап шегуші өміріне қауіп төндіретін жарақат алмаған, жолаушының метро қызметіне шағымы жоқ», — дейді қалалық метроның баспасөз қызметі.
Олар метро қауіпті аймақ екенін ескертеді, өйткені электрмен жылжитын пойызға ток рельс арқылы беріледі, ондағы ток кернеуі 825 В құрайды.

«Барлық станцияларда және электрлік жылжымалы құрамдарда платформаның шетіне тым жақындауға болмайтыны туралы дауыс зорайтқыш арқылы үнемі ескертіліп отырады, сондай-ақ метрода жүру ережелері де ескертіледі. Станция кезекшілері де жолаушыларға үнемі қауіпсіздік шараларын ұстану туралы ескерту жасайды. Метро нысандарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауыңызды сұраймыз», — дейді метро қызметі қала тұрғындары мен қонақтарына.

zakon.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда