jasqazaq.kz

Алматы мешітінде телефон ұрлаған адам ұсталды

07 ақпан 2019, 12:18

Алматыда мешіт келушісінің телефонын ұрлаған жігіт ұсталды. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мешітке келген жігіт курткасының қалтасындағы телефоны жоғалғанын намаздан кейін білген.

«Намазын оқып болған соң ол курткасының қалтасында болған телефонының орнын сипап қалған. Жігіт бірден полицияға хабар берген. Жедел жүргізілген іздестіру амалдарының арқасында күдіктінің кім екендігі анықталды. 30 жастағы күдіктіні тінту кезінде қалтасынан әлгі адамға тиесілі телефон табылды. Айта кету керек, ол бұған дейін де бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған», — деді полиция департаменті Қылмыстық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов. Қазіргі таңда Бостандық аудандық полиция басқармасы аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде