jasqazaq.kz

Алматы мен Нұр-Сұлтандағы арнайы операция: секс-притондар әшкере болды

04 қазан 2021, 15:25

Алматы мен Нұр-Сұлтанда эротикалық массаж салондарының атын жамылып, жұмыс жасайтын секс-притондар жойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция қызметкерлері эротикалық массаж салондарының атын жамылып, Өзбекстан мен Қазақстанның жезөкшелікпен айналысатын азаматтарының қылмыстық тобын анықтады.

Сегіз адамнан тұратын топ құрылып, ұзақ уақыт бойы қатысушылар арасында рөлдерді бөліп, екі қалада қылмыстық кәсіп ұйымдастырған. Қылмыскерлер интернетте жарнама жариялап, қыздарды жоғары жалақысы бар жұмысқа шақырып, содан кейін кастинг өткізген (20-30 қыз).

Жезөкшелер үйі элиталық коттедждерде ұйымдастырылып аптасына жеті күн, тәулік бойы жұмыс жасаған. Банктік аударым бойынша күнделікті табыс топ ұйымдастырушысына аударылып отырған. Айына 10-12 миллион түскен.

«1 қазанда, дәл осы уақытта Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, тінту жүргізіліп, заттай айғақтар алынды. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 262-бабы, 1-бөлігі бойынша оларға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ұйымдастырушылар ұсталып, уақытша изоляторға қамалды», — делінген хабарламада.

Жыл басынан бері ішкі істер органдарында адам саудасына қатысты 136 қылмыстық іс тіркелген, оның ішінде жетеуі — адам саудасы, 16 — кәмелетке толмағандар саудасы бойынша.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия