jasqazaq.kz

Алматы мектептеріне 25 мың орын жетіспейді

19 тамыз 2019, 13:16

Бақытжан Сағынтаев Алматыда жаңа мектептер салу үшін қажетті жер мәселесін қалай шешетіндерін айтты.

«Бүгінгі таңда мектептерде шамамен 25 мың орын тапшы. Мектеп жасындағы балалардың саны жыл санап артып келеді. Ал, жаңа мектептердің құрылысы едәуір төмен. Біз жағдайды түбегейлі өзгертуіміз қажет. Белсенді дамытуды қолға аламыз. Қала шетіндегі орта мектептердің қол жетімділігі мәселесін біртіндеп шешуіміз керек деп санаймын. Яғни, жеке мектептер, балабақшалар мен шағын орталықтардың құрылысын мемлекеттік –жеке серіктестік бойынша қаржыландыру тетіктерін белсенді қолдану қажет», — деді Бақытжан Сағынтаев білім беру жүйесі қызметкерлерінің форумында. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдік инвесторлармен белсенді жұмыс істеп жатқанын және қаржыландыру көздері анықталатынын атап өтті. «Қазірдің өзінде 20 мектеп салуға дайын құрылыс компаниялары бар. Алайда, бұл жұмыстар қалада жердің жетіспеушілігімен шектеліп отыр. Біз бұл мәселені проблемалы несиелер қорындағы жерлердің есебінен шешеміз. Жақында ғана Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл мәселеде бізді қолдады », — деді әкім. Осындай жұмыстардың арқасында жеке мектептер желісі дами бастайды, бұл оқушы орындарының жетіспеушілігінің төмендетеді.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық