jasqazaq.kz

Алматы мектептері дәстүрлі форматқа оқуға дайын

12 тамыз 2021, 12:53

Алматы мектептері дәстүрлі форматқа оқуға дайын. Бұл туралы онлайн брифинг барыснда қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Оның айтуынша, мегаполистегі барлық мектеп қызметкерлері 100 пайыз вакцина алды.

«Вакцина салдыруға қарсы көрсетілімі бар қызметкерлерден басқа, мемлекеттік білім беру ұйымдарының барлық қызметкерлері 100% вакцина алды», — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол білім беру ұйымдары «Ashyq» жобасына қосылғанын жеткізді.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қаланың білім беру ұйымдарында осы оқу жылында шектеулерді сақтай отырып, 1-ден 11-сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларын оқытудың дәстүрлі форматына көшуге дайын. Атап айтар болсақ, барлық білім беру ұйымдары «Ashyq» жобасына қосылған»,- деді спикер.

Басқарма басшысы оқушы ауырған жағдайда сынып қашықтықтан оқытуға жіберілетінін жеткізді.

«Науқас немесе байланыста болған ата-аналардың балалары қашықтықтан білім алады. Сонымен қатар, кабинеттер сыныпқа бекітілген (бір сынып – бір кабинет). Бастауыш, орта және жоғары буын балалары үшін мектепке жеке кіру есіктері қамтамасыз етіледі (балаларды әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында мектепке әртүрлі кіреберістерден жіберетін болады), сондай-ақ ғимарат ішінде балалар фойе мен дәліздерде белгілері көрсетілген блоктар бойынша жүретін болады»,-деді ол.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия