jasqazaq.kz

Алматы маңындағы демалыс орындарының бірінде бір адамға қарулы шабуыл жасалды

02 қараша 2020, 10:28

Алматы маңындағы Байсерке ауылындағы демалыс орындарының бірінде оқ атылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Видеода ер адамның оқиға орнынан видео түсіріп, сонымен қатар полицияға қоңырау шалғанын байқауға болады. Ол бұл — Байсерк аумағында екенін, Калашниковтан оқ атып жатқанын хабарлайды. Екінші адам бұл жерде балалары бар екенін айтып, жанжалдасқандарды сабырға шақырады.

— Оқыс жайт биылғы жылдың 31 қазанында сағат 16.00 шамасында Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерк ауылындағы демалыс орындарының бірінде болған. Полицияға бейтаныс адамдардың қару кезеніп, кісі өлтірмек болғандығы туралы ақпарат түсті. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша адам өлтіруге оқталу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерді анықтауға және оларды ұстауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар кешені ұйымдастырылды, — деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия