jasqazaq.kz

Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды (видео)

05 маусым 2022, 17:25

Алматы маңында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы 4 маусымда кешке Алматы-Бішкек тасжолында, Тұрар елді мекеніне бұрылысқа жақын жерде болған. Куәгерлер әлеуметтік желіде апаттан кейін түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр. Жарияланған кадрларда жеңіл көліктердің бірі қалай екіге бөлініп қалғаны түсірілген. Сол жерде жолаушылар автобусы, сондай-ақ басқа да көліктер тұрғаны көрінеді.

Полицейлердің айтуынша, жол апаты Алматы-Бішкек тасжолының 36-шақырымында Қарасай ауданында болған.

«Mitsubishi Galant көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Алматыға шығыс бағытта келе жатып, қатар келе жатқан Mazda көлігімен соқтығысқан. Әрі қарай соққы инерциясымен Mitsubishi қарсы жолаққа аударылып, Yutong Bus автобусымен соқтығысты», — деді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Жол апатынан Mitsubishi жүргізушісі зардап шегіп, Қаскелең ауруханасына жатқызылған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRISP ALMATY | КРИСП АЛМАТЫ (@krisp_almaty)

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр