jasqazaq.kz

Алматы маңында ұрланған қару сақталған орын табылды

01 наурыз 2022, 17:07

Ол Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағынан табылды. Ағымдағы жылдың 5 қаңтарына қараған түні «Камерад» қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан 1993, 1994, 1996 жылы туған үш ер адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласының ПД хабарлады.

«Күдіктілер үй жанындағы бос жатқан жерге «жақсы уақытқа дейін» 3 мылтық, 3 тегіс ұңғылы мылтық, винтовка, патрондар, аңшылық жинағы бар шабадан мен рюкзактарды көмген. Бұл арсеналдың барлығы ұсталғандардың бірінің үйінің ауласындағы құмға көмілген. Күдіктілер кінәсін мойындап, қылмысты қалай жасағандарын айтып берді. Тергеушілер «топтың» осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 291 бабы 3 бөлімі бойынша тергелуде. Күдіктілер қамауға алынды», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде