jasqazaq.kz

Алматы маңында «Сергектердің» жаңа түрі орнатылады

12 қараша 2020, 17:05

Алматы маңында «ЭкоСергек» камералары пайда болады. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл пилоттық жоба. «ЭкоСергектер» алдағы екі-үш айда Алматы маңындағы барлық ұлттық паркте орнатылады.

«Алдымен Іле-Алатау ұлттық паркінде 30 «ЭкоСергек» орнатуды жоспарлап отырмыз. Олар туристер көп жүретін жерлерде пайда болады. Мысалы, ҮАК, Есік, Түрген аудандарында. Сондай-ақ, Көлсай мен Қайыңды көлдерінде», — деді Экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Оның айтуынша, «ЭкоСергектер» инспекторларға көмектеседі.

«Соңғы уақытта ұлттық саябақтарда қоқысқа байланысты қиындықтар туындады, өрттер мен вандализм жиілеп кетті. Сондықтан камераларды орнату туралы шешім қабылданды. Біріншіден, бұл туристерді тәртіпке келтіреді. Екіншіден, камералар өрт туралы сигнал береді және экологиялық бекеттердің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді. Ұлттық парктерде Қызыл кітапқа енген жануарлар да өмір сүреді. Біз «ЭкоСергектер» браконьерлермен күресте көмектеседі деген үміттеміз», — деді ол.

Баспасөз хатшы министрлік ұлттық саябақтарда қоқыс тастаған адамдарға айыппұлдарды көбейтуді жоспарлап отырғанын да айтты. Қазір осы үшін 10 АЕК (27 780 теңге) төленеді.

Одан бөлек, Есік көліне кіру шектелді.

«2019 жылы Алматы әкімдігі көл маңындағы аумақты «Қазлектроэнергия» компаниясына сенімгерлік басқаруға берген. Күзден бастап бұл компания көлді сақтау үшін шектеу шараларын енгізді. Арнайы тұрақ бар, көлік ұйымдастырылған, адамдар жаяу да бара алады», — деді Іле-Алатау ұлттық паркі бас директорының орынбасары Тілек Әділжанов.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде