jasqazaq.kz

Алматы маңында ер адам мен екі баланы жүк көлігі қағып кетті (Видео)

29 маусым 2021, 11:12

Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылындағы жолдан өткісі келген ер адам мен екі баланы жүк көлігі қағып кетті. Қайғылы оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

«Етікші, жергілікті тұрғын. Балаларымен өзенге шомылуға бара жатқан. Қызы оқиға орнында қаза болды, балаарбадағы ұлын итеріп жіберіп үлгерген. Ұлы тірі», — делінген Instagram-дағы kaskelenkz парақшасында.

Ескерту, жүрегі әлсіздерге көруге болмайды!

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Оқиғаға қатысты Алматы облысы Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, оқиға 28 маусымда 14:50-де Алматы-Нұр-Сұлтан тасжолында болған.

«ЗИЛ маркалы жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі трассамен оңтүстік бағытта келе жатып, 30-шақырымда белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 53 жастағы жергілікті тұрғын мен тоғыз жастағы бала қаза болды. Үш жасар бала ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия