jasqazaq.kz

Алматы маңында 4 төрт адам анасы мен баласына шабуыл жасады

01 қараша 2021, 17:59

Оңтүстік астана маңында қарулы адамдар баласы бар келіншекке шабуыл жасады. Құқыққорғаушылар төрт күдіктіні ұстап, атыс қаруын тәркіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, 27 қазан күні Іле аудандық полицейлеріне Көкқайнар ауылының 32 жастағы тұрғыны жүгініп, өзі мен кішкентай баласына бірнеше азамат шабуыл жасағанын айтқан. Олар үйге баса-көктеп кіріп, келіншекті ұрып, қарумен қоқан-лоқы көрсету арқылы үйдегі зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Арызда қарулы адамдардың медициналық маска тағып жүргені көрсетілген. Үй иесі қарақшыларға қарсылық танытқысы келген. Алайда, олар келіншекті ұрып-соғып, қол-аяғын байлап тастаған. Қылмыскерлер қомақты сомадағы зергерлік бұйымдарды тонаған. Қазіргі уақытта келтірілген залал сомасы анықталып жатыр. Біздің қызметкерлер қысқа мерзімде 4 күдіктіні анықтап, ұстады. Олардың үшеуі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Заттай дәлелдемелер ретінде іс материалдарына ұрланған алтын бұйымдар, сондай-ақ 16 калибрлі аңшылық мылтық алынды»,- деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі. Ұсталғандар — 35 жастан 53 жасқа дейінгі азаматтар. Олардың үшеуі алматылық, ал төртіншісі қала маңында тұрады. Тергеу жұмыстары Қылмыстық кодекстің 192- бабы 3- бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық