jasqazaq.kz

Алматы маңында ер адамды пойыз басып кетті

18 шiлде 2017, 17:12

Алматы маңында ер адамды пойыз басып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz көлік ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметі бойынша, оқиға 18 шілдеде күндіз болған. Сағат 13:30 шамасында Алматы бекетінің желілік ішкі істер басқармасына Байсерке бекетінде Семей-Қызылорда пойызының машинисі жедел тоқтағаны туралы хабарлама түскен. «Машинист тоқтап үлгермей, адамды қағып кетті. Қазіргі кезде марқұмның кім болғаны анықталып жатыр. Оқиға ҚР ҚК-нің 344-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Азаматтарымыз теміржол аумағында жол жүру ережелерін сақтамайды. Сондықтан осындай қайғылы оқиғалар болып жатады. Биыл елімізде 57 адамды пойыз қаққан, оның жартысынан астамы қаза болған. Балалардың жарақат алуы алаңдатып отыр. Жыл басынан бері бес оқиға тіркелді, екі жағдайда балалар қаза болды», — дейді көліктегі ІІД баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова. Алдын алу шараларына қарамастан, мұндай оқиғалар тоқтамай отырғанын атап өтті ол. Мәселен, теміржолды тыйым салынған жерден кесіп өткені үшін жыл басынан бері 15838 адамға айыппұл салынған. 751 рет пойыздың шұғыл тоқтауы тіркелген. Оның 358 жағдайында теміржолда адам, 304 жағдайында мал тұрған. Сонымен бірге, теміржолға бөгде зат қойып кету бойынша сегіз оқиға тіркелген. «Көліктік полиция теміржолдар ерекше күзеттегі аумақ екенін еске салады. Азаматтар өте абай болуы керек», — деп атап өтті Қасымжанова.

Бүгін, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
Бүгін, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
Бүгін, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі