jasqazaq.kz

Алматы көшелерінен иесіз қалған 146 көлік алынып тасталды

21 наурыз 2019, 12:57

Алматы көшелерінен қараусыз қалған, иесі жоқ 146 көлік алынып тасталды. Алматы полиция қызметінің мәліметі бойынша, иесіз көліктер Медеу, Алматы және Алатау аудандарында көп болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қала ішінде 146 иесіз көлік табылды, олар жолдың жиегінде немесе тұрғын үй аулаларында тұрды. Бұл жергілікті тұрғындар үшін қолайсыздық тудырады. Кей көліктер айлар бойы шіріп тұрған. Ал кейбірінде тіркелген нөмір белгілері де болған жоқ», — деді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы полиция подполковнигі Төрехан Исин. Полиция мәліметі бойынша, 93 машина арнайы айып тұрағына орналастырылды. Көліктердің 53 иесі қала көркінің ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, бұл көліктер қылмыстық есеп бойынша да тексерілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде