jasqazaq.kz

Алматы көшелеріне тағы 3 мың камера орнатылады

04 ақпан 2022, 13:31

Алматыда тағы 3 мың бейнекамера пайда болады.

«Алдағы уақытта 3 мың бейнебақылау камерасы орнатылады. Қала тұрғындарының қауіпсіздік шараларын ұйымдастырудың маңызды жобасы бірыңғай бейнебақылау жүйесі болмақ. Егер бұрын тек жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі ПД ЖБО арқылы бақыланатын болса, 2020 жылдан бастап орталық азаматтардың көп жиналатын жерлеріндегі, аулалардағы және аулаларға, полиция пункттеріне іргелес аумақтардағы қозғалыс мәртебесіне ене бастады. Алдағы 2 жылда қаладағы барлық жағдайды көру үшін камераларды сауда орталықтарымен және басқа да жеке меншік нысандарымен біріктіруді жоспарлап отырмыз», – деді Алматы қалалық ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы Ольга Агафонова.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 4-7 қаңтар аралығындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 75 «Сергек» кешені, яғни 304 бейнекамера, сондай-ақ РТРК ғимаратында орналасқан байланыс орталығы, антенна және желілік жабдық істен шықты.

Бүгінгі күні барлық зақымдалған камералар мен жабдықтар қалпына келтірілді. Талшықты- оптикалық тарату жүйесі арналарына қосылуға арналған жеке жүйесі бар 1 103 камераны қамтитын «Бейнебақылау жүйелері» жобасы бойынша тәртіпсіздіктер кезінде 283 камера, сондай-ақ шкафтар мен тарату жабдықтары істен шықты. Қазіргі уақытта бейнекамералар мен зақымданған қондырғылар қалыпты жұмыс істеп тұр.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді