jasqazaq.kz

Алматы көшелеріне тағы 1000 камера орнатылады

05 қыркүйек 2019, 18:38

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі қала активінің жиналысында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары бойынша айтып өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін қала көшелеріне 600 бейнекамера орнатылады, қалған 400-і 2020 жылы қойылады. Осы жүйе арқылы қаладағы адамдар көп жиналатын жерді бақылап отыруға болады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды құралдың бірі көрінеді.

Сонымен қатар, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін қаланың барлық ауданында 11 фронт-офис ашылады. Оған келушілер ХҚКО қағидаты бойынша жайлы қызмет ала алады.

Сел жүру қаупін төмендету мақсатында осы жылы Үлкен және кіші Алматы, Қарғалы мен Ақсай өзендеріндегі бассейнге 10 автоматтандырылған мониторинг станциясын салу құрылысы басталған болатын. Жиын барысында Сағынтаев осы жоспарланған нысандардың жұмысын жылдамдатылған тәртіпте аяқтауды бұйырды.

Ақпарат көзі: Baq.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда