
Алматыда толассыз жауған жауыннан көшелер суға толды. Су басқан көшелердегі көріністі тұрғындар суретке, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жарыса салуда. Таңға жуық басталған жаңбыр әлі де тоқтамай тұр. Көшелерге толған су қала тұрғындарын әбігерге салуда. Әсіресе көпірлердің асты мен сайларда су тізеге жетіп қалды. Жаяу жүргіншілердің көпшілігі су кешіп жүр. Қаланың біраз жерлерінде қозғалтқышына су тиген көліктер тоқтап тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram