jasqazaq.kz

Алматы коронавирустың таралуы бойынша сары аймаққа көшті

04 шiлде 2022, 16:40

Алматы қаласы «сары» аймаққа ауысты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«4 шілдеден бастап Алматы қаласы «сары» аймаққа өтті. Қазіргі уақытта қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері қаулыны даярлау үстінде. Қаулыда барлығы жазылады. Осы орайда біз әр азаматты коронавирусқа қарсы вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге шақырамыз», — деді Ержан Байтанаев ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы. Оның айтуынша, бүгінде коронавирусқа шалдығып жатқан азаматтардың 80 пайызы вакцина алмаған. «Қазақстандықтарды өзі мен жақындарының денсаулығын сақтау мақсатында вакцина алудың барлық процесінен өтуге шұғыл түрде шақырамыз. Бұл процесс ұжымдық иммунитетті қалыптастыра түсу үшін де маңызды», — дейді ол.

Еске сала кетсек, Қазақстан «сары» аймаққа өтсе, Үкімет тарапынан қандай шаралар қолға алынатыны хабарланған еді.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өз сөзінде елімізде маусым айының ортасынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артқанын атап өтті.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде