
Алматы кіреберісінде 27 блокпост қойылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
Сағынтаев коронавирус пандемиясына байланысты Алматыда 19 наурыз сағат 00:00-ден бастап карантин жарияланғанын мәлімдеді.
«Блокпосттарда патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, «Гранит» полкінің, Қорғаныс министрлігі мен ұлттық ұлан бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады. Сонымен қатар, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, қорғаныс және гигиена құралдарын әкелу үшін «жасыл дәліз» орнатылады», — деп мәлімдеді Сағынтаев.