jasqazaq.kz

Алматы-Қорғас тасжолында плиталар көтеріліп кетті (Видео)

03 шiлде 2021, 11:49

Алматы облысында ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты Алматы-Қорғас тас жолында бетон плиталар орнынан жылжып кетті. Жол жабыны көтеріліп, бірнеше көлік зақымдалды.

What’s app мессенджерінде Алматы-Қорғас тасжолында бетон плиталар қайта көтерілгені туралы ескерту айтылған видеолар тарап жатыр.

«Шелек жақтан келе жатсаңыз Маловодноеға жетпей бетондар қайта көтеріліп кеткен. Абай болыңдар, жігіттер», — дейді видео авторы.

ҚазАвтоЖол мәліметінше, 2021 жылы 2 шілдеде «Алматы-Қорғас» (Бәйдібек Би кенті ауданында) автомобиль жолының ақылы учаскесінің 86-шақырымында ауа температурасының күрт көтерілуінен бетон плиталар ығысып, жүріс бөлігінің жабыны көтеріліп кетті.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

«ҚазАвтоЖол» қызметкерлері әкімшілік полициямен бірлесіп жедел түрде ескерту жол белгілерін орнатты, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде полицияның патрульдік көлігі қойылды. Осы учаскедегі ақау жедел жойылды. «ҚазАвтоЖол» уақытша қолайсыздықтар туындағаны үшін кешірім сұрайды және жол пайдаланушыларына уақтылы хабардар еткені үшін алғыс білдіреді», — деді компания өкілдері.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия