
Алматы — Қорғас тасжолында 17 көлік апатқа ұшырады. Желіде ірі жол-көлік оқиғасының видеосы тарады.
Аймақ полициясының мәліметінше, жол апаты Алматы — Қорғас автожолының 134-шақырымында сағат шамамен 10.00-де болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Қалың тұманның салдарынан 17 автокөлік жол апатына ұшырады. Бес адам зардап шекті, олар Шелек ауылының аймақтық ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында патрульдік полиция жасақтары жұмыс істеп жатыр. 84-тен 136-шақырымға дейінгі автожол учаскесі жабылды», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметіндегілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Құрметті жүргізушілер, сіздерден қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуды сұраймыз! Жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтаңыз!» — деді полиция өкілдері қазақстандықтарға.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың 25 желтоқсанында сағат 12.00-ден бастап тұман мен нөлдік көрінуге байланысты республикалық маңызы бар Алматы — Қорғас жолында (24-140-шақырым, Арман кенті — Шелек ауылы) барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс жабылды.
Tengrinews.kz