jasqazaq.kz

Алматы-Қапшағай трассасында 8 көлік соқтығысты

10 маусым 2020, 23:04

«Алматы-Қапшағай» автожолында жаппай көлік апаты болды.

Еске салайық, жолдың дәл осы учаскесін полигоннан шыққан өрттің қою қара түтіні басқан. «Өрттің күшеюіне байланысты «Алматы-Қапшағай» ақылы учаскесінің 33-35 шақырымы аралығында 8 көлік соқтығысты. Салдарынан 3 адам түрлі дене жарақатын алды, 1 адамның жағдайы ауыр», — деді «QazAvtoJol» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі, жол полициясы және жедел жәрдем шамамен сағат 16:30-да келді. Қатты қара қою түтінге байланысты жол полициясы екі бағытта да қозғалысты уақытша тоқтатты. Қазіргі уақытта күшейтілген шаралар қабылдануда.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия