jasqazaq.kz

Алматы қаласында күзетшіні ұрған бұзақылар ұсталды (видео)

23 қазан 2018, 10:44


Алматы қаласынын қонақүйлерінің бірінде бұзақылар мас күйінде жас күзетшіні ұрып кеткен видео тарап кеткен еді. Аталған қылмысқа қатысты Алматы қалалық ІІД жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Ішкі істер департаментінің хабарлауынша «Казахфильм» ауданы маңындағы орналасқан қонақүйдің күзетшісін ұрған бұзақылар полиция өкілдерімен ұсталған. Қазіргі таңда оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, 293 бап бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

«Қылмыстың істің құжаттарына сай төбелес күзетшінің азаматтарды мас күйлерінде қонақүйге кіргізбеуінен басталған. Бұзақылар сөзге келіспей төбелесті бастап, күзетшіні ұра бастаған. Салдарынан 29 жасар азамат мұрны мен қолы сынып ауруханаға түскен. Жедел іздеу шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Олардың бірі 28 жасарлық Ресей азаматы, екінші 25 жасар Алматы қаласының тұрғыны. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторында қамалды. Тергеу ісі жалғасуда», – деп мәлімдеді Бостандық ауданының полиция басқармасының басшысы Даурен Утебаев.

Сонымен қатар, ІІД өкілінің айтуынша өндіріс барысында полиция қызметкерлері соттық-медициналық сараптама белгіледі. Сараптаманың нәтижесі бойынша қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Беспредельщики в Алматы. В одной из гостиниц города пьяные в неадекватном состоянии, «люди», жестоко избили ни в чем не повинного молодого ночного охранника. Сломали нос и пальцы. Избивали дубинкой. В Бастандыкском РОВД даже не захотели принимать заявление. Уважаемая общественность, обращаемся к Вам! Помогите довести дело до конца, и не спустить этот беспредел «на тормозах».

Публикация от Алматы ДТП◾ (@almaty_dtp)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде