jasqazaq.kz

Алматы қаласы мәслихатына 4 партияның өкілдері өтті

12 қантар 2021, 15:24

Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы Алматы қаласы мәслихаты депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Саяси партиялардың Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды ұсынуы екі ай бұрын басталып, сайлау күніне бір ай қалғанда жергілікті уақыт бойынша 18.00-де аяқталған. Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 5 саяси партиядан 118 кандидатты тіркепті.

«Алматы қаласы мәслихаты сайлауының қорытындыларына сәйкес партиялық тізімдер бойынша дауыстар мынадай болып бөлінді: сайлаушылардың 68,11% «Nur Otan» партиясына дауыс берді, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 10,11% дауысқа ие болды, «Ауыл» демократиялық патриоттық партиясы сайлаушылардың 7,68% дауысын алды, Қазақстан халық партиясы — 7,31% және «Адал» саяси партиясы — 6,79% дауыс алды», — дейді Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова.

Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес дауыс беру қорытындылары бойынша саяси партиялар арасында депутаттық мандаттарды бөлу кезегі анықталды.

Жанна Асанова айтуынша, «Nur Otan» партиясы 29 депутаттық мандат алды, Қазақстанның «Aқ жол» демократиялық партиясы 4 мандатқа ие болды, ал «Ауыл» демократиялық патриоттық партиясы мен Қазақстан халық партиясы әрқайсысы 3 мандаттан алды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия