jasqazaq.kz

Алматы: індетке қарсы күрес қарқынды

26 қараша 2021, 12:49

   Алматы қазір «жасыл аймақта». Эпидемиологтар, вирусологтар және медицина қызметкерлерінің жанкешті еңбегінің арқасында індеттің беті қайтқандай. Дегенмен әлі де босаңсуға болмайды. Коронавирусты еңсерудің бірден-бір жолы екпе алу десек, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға қала тұрғындары бір кісідей жұмылуы тиіс. Осы орайда қала әкімі Бақытжан Сағынтаев: «Жағдайдың ушыққанын күтпей, дер кезінде екпе жасату керек. Коронавирус ешқайда кеткен жоқ, мутацияға ұшыраған сайын қауіп төндіреді. Біз өзімізді қорғамасақ, жақындарымыздан айрыламыз», — дей келе, вакциналау қарқынын арттыру қажет екенін атап көрсетті.

Jas qazaq  газеті қалада вакциналау және ревакциналау жұмыстары қалай жүзеге асып жатқанын білу мақсатында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жүгінді. 

 Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәлімет бойынша, бүгінгі күні инфекциялық стационарларда (1 774 төсек-орын) жалпы саны 458 адам (оның ішінде 24 бала) емделіп жатыр.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 51 сырқат бар.

ӨЖЖ – 14, инвазивті емес ӨЖЖ – 29, High flow-да 8 аппарат жұмыс істейді.

976 науқас  БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында. Олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 930, симптомсыз 46 науқас бар.

Вакциналау бойынша соңғы ақпаратқа сәйкес, Алматыда бір тәулік ішінде  бірінші компонентты   2 106 адам, екінші компонентты  1 422 адам алды. Жалпы биылғы жылдың 1 ақпанынан 23-ші қарашаға дейін

бірінші компонентты алғандар саны — 1 025 748, 2-компонентты алғандар саны 962 200 адам болды.

Вакцина алғандардың ішінде 121 952 тұрғын — 60 жастан асқандар.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесімен 8 496 адам, оның ішінде 529 жүкті әйелдер, 2 026 емізулі аналар және 5 941 балалар мен жасөспірімдер егілді.

Қаладағы медициналық ұйымдарда, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және сауда ойын-сауық орталықтарында 132 вакциналау пункті жұмыс істеп тұр. 201 вакциналау бригадасында 756 медицина қызметкері жұмылдырылды.

Бүкіл ел бойынша 22 қарашада ревакциналау басталғаны белгілі. Әзірге КВИ екпесінің үшінші дозасын медицина қызметкерлері, мұғалімдер, күштік құрылым қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелерде жұмыс істейтіндер, 60 жастан асқан тұрғындар алады. Бұл топтарға кірмейтін қала тұрғындары келесі жылдың қаңтарынан бастап қайталама екпе салдыра алады. Айта кетейік, алғашқылардың бірі болып Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев ревакциналаудан өткен болатын.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні ревакциналау үшін инактивті QazVac и Sinopharm (Vero Cell) вакциналары қолжетімді.

 

Мақпал Ноғайбаева

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық