jasqazaq.kz

Алматы ХҚКО-ларында мүгедектерден, жетімдерден және көпбалалы аналардан заңсыз ақша алынған

25 мамыр 2022, 17:18

Алматы ХҚКО-ларында мүгедектерден, жетімдерден және көпбалалы аналардан заңсыз ақша алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қадағалау органының қызметкерлері халықтың әлеуметтік осал топтарынан құжаттандыру қызметтері үшін мемлекеттік баж алу заңына талдау жүргізді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексінің 622-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктері, сондай-ақ шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерi берілген кезінде адамдардың белгілі бір санаты мемлекеттік баж төлеуден босатылады. Олардың қатарына:

ҰОС ардагерлері, оларға теңестірілген адамдар;
мүгедектер;
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар;
балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
«Батыр Ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар жатады», — деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Қадағалау органы ХҚКО-да әлеуметтік осал санаттағы 400-ден астам тұлғадан 22 мың теңгеге дейін мемлекеттік баж негізсіз алынғанын анықтады.

«Алмалы ауданының прокуратурасы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ атына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізді. Оны қарау қорытындысы бойынша ақшаны қайтару бойынша шаралар қабылдануда, КЕАҚ басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деді Алматы прокуратурасы.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр