jasqazaq.kz

Алматы хайуанаттар бағының есепшісі 7 жылға сотталды

20 желтоқсан 2017, 16:21

Алматыда 32 млн теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталған зообақ есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Үкімді судья Фаррух Омаров оқыды. «Марина Назарова ҚР ҚК 241-бабы бойынша Алматы зоологиялық паркі МКК-іне залал келтіріп және ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімі бойынша өзгенің сеніп тапсырған мүлкін тонады деген айып сотта дәлелденді. Екі бап бойынша Назарованы түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айырып, 5 жылға есепшілік, мемлекеттік қызметке тағайындалуына тыйым салынады», — деді судья Омаров. Сонымен қатар судья Назарованың мүлкін тәркілеп, 32 млн теңгені өндіру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, 100 АЕК, 212 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Жарыссөз барысында прокурор Ержан Құрақбаев сотталушыны айыпты деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Айта кету керек, 37 жастағы күдікті Марина Назарова 14 тамызда ұсталған болатын. Оған қарсы құны 32 млн теңге болатын билеттерді компьютерден жойып жіберді деген айып тағылды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде