jasqazaq.kz

Алматы екі адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті 

11 мамыр 2022, 10:51

Алматыда 39 жастағы ер адам екі танысына травматикалық тапаншадан оқ атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаменті фактіні растады. Медеу аудандық полиция басқармасы тергеуді бастады.

«Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті – 1983 жылы туған У. есімді азамат ұсталып, қамауға алынды. Белгілі болғанындай, Медеу ауданына қарасты шағын аудандардың бірінде тұратын үш ер адамның арасында жанжал туындаған. 39 жастағы тұрғын травматикалық тапаншадан 1973 жылы туған Б. және 1973 жылы туған Г. есімде екі адамға оқ атты», — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.

Полиция өкілінің айтуынша, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Қылмысты тексеру үшін тергеу-жедел тобы құрылды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр