jasqazaq.kz

Алматы денсаулық сақтау басқармасында басшы ауысты

08 желтоқсан 2020, 13:04

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Нариман Табынбаев қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады zakon.kz сайты.

Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын бітірген. Профессор, медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысының орталық аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастаған.

1988 жылдан 1994 жылға дейін Қызылорда қаласындағы облыстық аурухананың эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, ауруханадағы диагностикалық орталық бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді.

1994 – 1997 жылдары – Алматы облысының орталық аудандық ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

1997 – 2002 жылдары Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер болып жұмыс істеді.

2008 – 2014 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталықтың директоры, Урология ғылыми орталығының директоры қызметтерін атқарды.

2014 – 2015 — «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Астана қ.

2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының директоры болған.

2019 жылдан бастап 2020 жылға дейін Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, USA), University of Minnesota (Minneapolis, USA) тағылымдамасынан өтті.

Осы қызметке тағайындалға дейін Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының «Қалалық клиникалық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры болып келген.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия