jasqazaq.kz

Алматы-Бішкек автожолындағы апаттан 21 адам зардап шекті (видео)

29 қазан 2018, 11:02

Алматы-Бішкек автожолының 23-шақырымында автобус пен микроавтобус соқтығысып, ірі жол апаты болды.

Tengrinews.kz  хабарлағандай, куәгерлер оқиға түсірілген видеолар мен суреттерді әлеуметтік желілерде жариялады.   Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, 21 адам дәрігерлердің көмегіне мұқтаж болған. Олардың алтауы Қаскелең ауруханасына жатқызылды, біреуі жансақтау бөлімінде.  «Жол-көлік оқиғасы шамамен түскі уақытта болды. Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусы мен автобус соқтығысты. Жолаушылар автобусында ешкім зардап шекпеді. Ал маршруткадағы жолаушының барлығын дәрігерлер алып кетті. Зардап шеккендер аман-сау», — деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет. Ол алдын ала тергеу жұмыстары аудандық полиция департаментінің қатаң бақылауында екенін атап өтті. ҚР ҚК-нің 354-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Апат куәгерлері әлеуметтік желілерде жолда кептеліс болып жатқаны туралы хабарлаған. Нұрахметтің айтуынша, қозғалыс жылдам қалпына келтірілген, қазір жолда кептеліс жоқ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Страшное дтп с выезда Алматы не доезжая Киза #алматы @almaty_brothers

Публикация от Семья Kris P Brothers Almaty (@kris_p_brothers)

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді