jasqazaq.kz

Алматы базарларынан ақша жинаған шенеунік ұсталды

12 наурыз 2021, 21:51

Алматыдағы азық-түлік базарларының әкімшілері мен директорларынан ақша жинаған шенеунік ұсталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлім етті.

Оның атап өтуінше, агенттіктің Алматы қалалық департаменті «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы қаласы бойынша Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік аумақтық инспекция комитеті» ММ Карантиндік, өсімдіктерді қорғау және фито-санитарлық бақылау бекеттерін мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. «Ол жүйелі негізде кәсіпкерлік субъектілерінен – Алматы қаласының азық-түлік базарларының әкімшілері мен директорларынан әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны және фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырмағаны үшін 10 мыңнан 60 мың теңгеге дейін пара алған. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес жоғарыда аталған бөлім басшысы ұсталып, Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», — деді ол.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия