jasqazaq.kz

Алматы автобустары жаппай коронавирус жұқтыратын орынға айналуы мүмкін

02 маусым 2020, 10:38

Алматы автобустары жаппай коронавирус жұқтыратын орынға айналуы мүмкін

Алматы автобустары вирус жұқтыратын ең қауіпті орындардың біріне айналуы мүмкін. Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.

Қоғамдық көлікте адам қарасы көп. Тек жолаушылар ғана емес, жүргізушілер де бетперде мен қолғап тақпаған, ешқандай сақтық шаралары жүргізіліп жатқан жоқ. Ал жергілікті шенеуніктер бұл мәселеге әлі мән бере қоймаған сияқты. Мегополис тұрғындары қоғамдық көлікте сақтық шаралары былай тұрсын, ине шаншыр жер жоқ деп шағымдануда.

Ілияс Алдаберген есімді қала тұрғыны халықтың бетперде, қолғап туралы мүлдем ұмытып кеткендерін айтады.

«Барлығы сақтық шаралары туралы мүлдем ұмытып кетті. Өйткені, автобус жүргізушілері қадағалап жатқан жоқ. Тек қана аялдама сайын адамдарға жол ақысын төлеуін өтініп ескерту жасайды. Неге арақашықтық сақтау, маска тағу туралы ескерту жасамайтынын білмейміз. Коронавирус инфекциясының қаупіне қарамастан, адамдар әлі де автобустарға мінеді», — дейді ол.

Ғалия Байдалинова да автобустардың толып кеткеніне наразы. Алайда басқа амалымыз жоқ деп отыр. Келесі көлікті күткенмен, ол да адамға толы болады дейді.

«Әрине, қорқасың. Бірақ басқа амал жоқ. Егер сіз бір автобуспен жүрмесеңіз, келесі автобустың бос болатынына кім кепіл? Алда келетін көлік те толы болуы мүмкін ғой», — дейді тұрғын.

Алматы қаласы қалалық мобильдік басқармасының бөлім басшысы Әсет Төлеушов болса біздің қолымыздан тұрғындарға тек қана ескерту жасап, кеңес беруден басқа ештеңе келмейді деп отыр. Оның айтуынша әр адам өз денсаулығына өзі жауапты.

«Қазіргі уақытта біздің әрекеттеріміз тек кеңес беру сипатында. Бізде бақылау және қадағалау функциясы жоқ. Біз айыппұл сала алмаймыз. Маскаларды тағу — ең алдымен жолаушылардың өздерінің қолында. Біздің жүргізушілер маска режиміне ғана емес, қолғап та киеді», — дейді ол.

Алматылық қоғамдық көліктердегі адам санын азайту үшін шенеуніктер келесі аптада тағы 100 автобустың жұмыс бастайтынын айтып отыр. Алайда осы уақыт аралығында жолаушылардың өміріне қауіп төніп тұр. Дегенмен, тұрғындардың басқа амалы жоқ.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия